Олар 1а категориясындағы елдерден келген
Шымкентте коронавирус тараған елдерден келген сексен адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Тауар қауіпсіздігі және бақылау сапасы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«80 адам ауруханада карантинде жатыр. Олардың барлығы 1а категориясындағы елдерден келген. 63 адамның барлығы түрлі борттардан түсті, Шымкентке қонды. 17 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшып келді», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 52 адамға жетті.