Шұғыл67 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден тағайындалды

Дәрігерлер тегін интернет және байланыспен қамтамасыз етіледі - ДСМ

Бұл мүмкіндік 6 мың медициналық қызметкерге беріледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ұялы байланыс операторлары медицина қызметкерлерін тегін байланыспен қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігі тағы 6 000 медициналық қызметкердің тегін байланыс пен интернет алатынын хабарлайды. Олардың әрқайсысына Қазақстанның кез келген нөміріне қоңырау шалу үшін 1000 минут және 100 ГБ интернет-трафик беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қосымша қолдау шараларын қабылдауда. Ұялы байланыс операторларының әлеуметтік жауапкершілігі арқасында ел аумағында жұмыс істейтін барлық ұялы байланыс операторлары мобильді байланыс пен интернетті қамтамасыз етеді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қазір коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 52 адамға жетті. Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 28 адам тіркелген.

Сұхбат
Ешқандай әскери дайындықта болмаған азаматтар шақырылып жатқан жоқ
Карантинде отырған азаматтарға психолог кеңесі
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат