«Бағаны ұялы операторлар белгілейді»: Мусин тарифтердің қымбаттауы жайлы
Министрлік тарифтерді реттемейді
Үкімет отырысының кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет тарифтерінің бағасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тексеріс жіберіп бағаны көтермей, тарифтерді ұстайық десек, 10 жылдан кейін не істейміз? 10 жылдан кейін еліміздің инфрақұрылымы әлсіз болады. Ештеңеге сай болмайды. Сондықтан біз халықаралық деңгейді қарастырып, олармен бірге келе жатырмыз. Ал тарифтерді өсіру, өсірмеу операторлардың өздеріне тиесілі. Себебі біздің министрлік заңды түрде тарифтерді реттеу тетіктері мен бақылауды жүргізбейді. Ондай міндет жүктелмеген. Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірігіп біз ондай жұмыстарды жүргізе аламыз. Бірақ агенттік осыған дейін ресми ақпарат берді. Оған талдау жасалып жатыр», - деді Мусин.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандықтар өз ұялы операторларынан ай сайынғы тарифтің қымббатауы туралы ескерту хабарламасын алған.