Көбіне қызылшамен екпе алмағандар ауырған
Үкімет отырысының кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша жұқтырған балалар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қызылшамен ауыру көп елде тіркеліп жатыр, оның ішінде Қазақстан да бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық бала қызылша жұқтырды. Көбіне қызылшаны екпе алмаған балалар жұқтырып жатыр. Алғашқы жағдайлар шетелден жұқтырып келгендер арасында тіркелді. Балалар көрші елдерде демалып, сол жақтан қызылшаны жұқтырып әкелді. Екпемен қорғалмаған балалар жұқтырды. Барлық екпе алмаған балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың екпе алуына жағдай жасалып жатыр», - деді ол.
Ғиният айтқандай, қызылша жұқтырудың алғашқы жағдайы Түркия мен Ресей елдерінен келгендерден анықталған.