$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2023, 11:04
Қоғам

Жетісу облысында жолға бөлінген қаржыны жымқырған экс-шенеунік ұсталды

Ол өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп күдіктелуде

Жетісу облысында жолға бөлінген қаржыны жымқырған экс-шенеунік ұсталды

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. Экс-шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп күдіктелуде.

«Мемлекетке 37 миллион теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары