$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2023, 10:17
Қоғам

Жамбыл облысында ауызсуға бөлінген ақшаны жымқырған шенділер сотталды

Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды

Жамбыл облысында ауызсуға бөлінген ақшаны жымқырған шенділер сотталды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауызсуға бөлінген ақшаны жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жоба бойынша Қордай ауданындағы Сарыбастау ауылына құны 12,3 миллион теңгеге су мұнарасы салынуы тиіс еді. Бірақ бөлім басшысы мен мердігер шағын ғимарат салып, мұнараға тиесілі 6,5 миллион теңгені өзара бөліп алған. Салдарынан елді мекен халқы ағын суды пайдалануға мәжбүр. Жемқорлық дерегін аудандық прокурорлар анықтап, істі сотқа жолдады. Күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, 2 азамат сотталды. Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды.

 «Қордай аудандық сотының 18 шілдедегі үкімімен коммуналдық мекеменің басшысы ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер «Е» ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деді Қордай ауданы прокурорының орынбасары Қайсар Бекмұратов.

Серіктес жаңалықтары