Көкшетаудағы 16-орта мектептің аумағынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген екен

Марқұм мектеп қызметкері емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген екен.

«Қыз асылып өлді. Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІД жедел-тергеу тобы шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін мамыр айында Көкшетауда колледж студенті нашар баға алып, өзіне қол жұмсаған еді.