Астанада жыл басынан бері 8 мыңнан астам АЕК алды
Астана бойынша кедейлік шегінің мөлшері 37 317 теңгені құрады

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Атаулы әлеуметтік көмек» тақырыбында Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова брифинг өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қаласы бойынша кедейлік шегінің мөлшері осы жылдың 3 тоқсанына 37 317 теңгені құрады. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты. Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі АӘК) жыл басынан бастап 2809 отбасыға яғни 13,8 адамға), оның ішінде 1361 көп балалы отбасына оның ішінде 8,6 мың адамға тағайындалды.
Өткен жылдармен салыстырмалы түрде алатын болсақ: 2022 жылы игерілгені-2 071,8 млн.теңге. 2021 жылы 2,1 млрд.теңге сомасына АӘК төлемдері – 5 095 отбасына (24 мың адам), оның ішінде 1905 көпбалалы отбасына (4 тоқсан – 2 766 отбасына (13,2 мың адам) берілді. 2023 жылға АӘК жоспары 24 500 адамға 1 852,2 млн. теңгені құрайды.
Бір жастан алты жасқа дейінгі (қоса алғанда) әрбір балаға қосымша төлем (бұрынғы КӘП). Жыл басынан ақшалай төлем түрінде АӘК алушылар қатарынан 4562 балаға (2441 отбасы) 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде қолдау ретінде қосымша төлем белгілеу жолымен монетизация жүзеге асырылды. Бұл АӘК алатын отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын өз бетінше сатып алуға мүмкіндік берді.