$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2023, 16:42
Қоғам

Қарағанды облысында екі жарым жастағы қыздың мұрнынан тірі құрттар табылды

Бүлдіршіннің мұрнынан қан кетіп, ауруханаға түскен

Қарағанды облысында екі жарым жастағы қыздың мұрнынан тірі құрттар табылды

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер 2 жарым жастағы баланың мұрнынан тірі құрттарды шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қабылдау бөліміне жедел медициналық көмек бригадасы мұрынның қанауымен және онда бөгде заттың болуы мүмкін деген болжаммен ауруханаға 2 жас 6 айдағы қыз баланы жеткізген.

«Мұрынның риноскопиясын жүргізген кезде, оң жағынан көптеген мөлдір көздер байқалған.
Анасы қызының мұрнында құраттардың қашан пайда болғанын білмейді. Айтуынша, баланың әжесі 3-4 күн бұрын мұрыннан жағымсыз иісті байқаған. Бүлдіршіннің мұрнынан қан кеткеннен кейін медицинаның көмегіне жүгінген. Мұрында 10 тірі құрт болған», - делінген облыстық балалар клиникалық ауруханасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары