Қарағанды карантинге жабыла ма – Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде аталған вирусты жұқтырғандар саны 49 адамға жетті

Еліміздегі коронавирус індетіне қатысты осы сағатқа келіп түскен соңғы мәліметтер туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтып береді.

Ведомство өкілдері соңғы тәулікте Алматыда да тағы үш адамның вирус жұқтырғаны анықталғанын айтты. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды каласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 19 наурызда карантин енгізілді.