$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2023, 00:57
Қоғам

Транскаспий көлік дәлізін әрі қарай дамытамыз – Президент

«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммитінде сөз сөйледі

Транскаспий көлік дәлізін әрі қарай дамытамыз – Президент

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазіргі таңда мемлекеттеріміз көлік бағыттарын әртараптандыру үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр. Түрлі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар қолға алынуда. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. Біз бұл бағыт арқылы жүк тасымалын дәйекті түрде ұлғайтуға мүдделіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, 2030 жылға қарай жыл сайын 500 мың контейнерге дейін жүк жеткізуді жоспарланып отыр.

«Бұдан бөлек, еліміз «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша шаралар қабылдауда», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына баратыны хабарланған болатын.

Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.

Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына барды.

«Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммиті аясында Кувейт Мемлекетінің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен, сондай-ақ Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Серіктес жаңалықтары