Қостанайда жалған полицей тұрғындарды 43 млн теңгеге алдаған
Бұл қылмысты жасаған алаяқ ұсталды
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай алаяқтар туралы айтты, деп хабалайды Azattyq Ruhy.
«Қостанай облысының ПД полиция қызметкерлерінің атынан тұрғындарға қоңырау шалу арқылы жасалған интернет-алаяқтықтың 8 фактісін жасағаны үшін және олардың балалары жол апатына түскенін хабарлағаны үшін облыстың 4 тұрғыны ұсталды. Келтірілген залал 43 млн теңгені құрады.Сол Департамент жақында осындай алаяқтықты ашты (жақын туысы жол апатына ұшырады және ақша қажет).Жедел топпен Қостанай қаласының тұрғыны ұсталды, ол маскировка әдістерін (парик, маска, көзілдірік) пайдаланып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жинаған», - деді ол.
Сүйінбай атағандай, ұсталған адам алаяқтықтың 6 фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді.
«Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қылмыс жасауда Интернеттің пайдаланылуына байланысты күдікті адамдарды анықтау белгілі бір қиындық тудырады.Шетелдік байланыс провайдерлері мен интернет-ресурстар иелерінің меншігіндегі ақпаратпен жедел алмасу қажеттілігі туындайды.Осыған байланысты шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және түрлі халықаралық құрылымдармен халықаралық ынтымақтастыққа үлкен рөл беріледі», - деді ол.