$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2023, 16:09
Қоғам

Қосшыда отқа оранған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Өрт тұрғын үйдің 4-ші қабатын шарпыған

Қосшыда отқа оранған көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланды
Фото: inform.kz

Қосшы қаласының полиция бөліміне «Нұрай» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт тұрғын үйдің 4-ші қабатын шарпып, оның көрші ғимараттарға таралу қаупі артқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер өртеніп жатқан пәтерде адамдар қалып кеткенін, олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар екенін айтқан. Олардың баспалдақпен сыртқа шығуға мүмкіндігі болмады, себебі ол толығымен отқа оранған еді.

«Өртенген пәтердегі адамдарды үшінші қабатқа тартылған арқанның көмегімен эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекетінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмаған балалар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам эвакуацияланды», дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамы да болғаны нақтыланады.

Өрттің салдарынан зардап шеккендер Астана қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде үш подъездің тұрғындары толықтай эвакуацияланды, 10 адам қонақ үйге орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары