$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.07.2023, 10:04
Қоғам

Қостанай әкімдігі жаңбырдан залал келген үйлердің шатырын целлофанмен жауып берді

Бүгіннен бастап мердігерлер шатырды қалпына келтіріп, жөндеуді бастайды

Қостанай әкімдігі жаңбырдан залал келген үйлердің шатырын целлофанмен жауып берді
Фото: smi24.kz

Қостанайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан шатыры бүлінген үйлердің төбесін жөндеу жұмыстары бүгін басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бүгін қала әкімі нөсер жаңбырдан зардап шеккен Чернышевский мен Байтұрсынов көшелерінің бойындағы орналасқан екі үйдің төбесін уақытша жабуды тапсырды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым Байтұрсынов көшесіндегі үйдің шатырын толық жапты, ал Чернышевский көшесіндегі баспананың шатыры бойынша жұмыстар 50%-ға аяқталды. Қалғаны 17 шілде күні таңертең жалғасады. Сондай-ақ, бүгіннен бастап мердігерлер шатырды қалпына келтіріп, жөндеуді бастайды. Бұл мәселе қала әкімінің тұрақты бақылауында болады», делінген жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары