$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2023, 09:53
Қоғам

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде жүздеген автобус қаңтарылып тұр

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті

Сырттай қарағанда, ондағы қоғамдық көліктер ескіре қоймаған. Әлі де жүруге жарамды сияқты. Ал мегополисте автобус тапшы. Тұрғындар осыны түсіне алмай дал, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Парк серіктестігі өкілдерінің айтуынша, көліктерді уақытша қоятын қоймадағы автобустардың біразы Алматы облысы әкімдігінің балансына берілген.

«Ол жерде қолдануға жарамсыз автобустар тұр. Алматы қаласында 2010 жылдары сатып алынған, өзінің ресурстық, эксплуатациялық ресурсын жойыған 600 ге жуық автобус бар. Ал қалған 153-тей автобус – 2016-201 жылғы қолданылған автобустар. Ол автобустар жүруге жарамды. Ол жерде уақытша ғана тұр», - деді серіктестік директорының орынбасары Абылайхан Омархан.

Былтыр Алматы әкімдігі өңірдегі жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға 300 жолаушы көлігін берді. Оның жартысынан көбі қатынап жүр. Қазір  мұнда сегіз жүзге жуық техника қойылған. Оның  жартысы жөндеуге жарамайды. Биыл Алматы әкімдігі оның орнына газбен жүретін 600 жаңа автобус сатып алады.

«Транспорт холдингімен және өзіміздің мамандармен бірлескен жұмыстарда анықталғандай, қаламызда мың бірлік қоғамдық көлік жетіспеуде. Сол бойынша 600 дана қоғамдық көлік, оған қоса 100 дана троллейбус алынып жатыр. Қазіргі уақытта Алматыда 100 дана автобус автопаркке келді», - деді мобильділік басқармасының бөлім басшысы Азамат Ешанқұл.

Қазір Алматы облысының әкімдігі мегополистен алған автобустардағы ақауын анықтап, оны жөндеуге қанша қаражат керек екенін есептеп жатыр. Пайдалануға жарамды көліктер жөндеуден өткен соң бағытқа шығарылады.

Серіктес жаңалықтары