Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыз, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, Қазақстанда Қытай Халық Республикасы мен өзге көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Барлық санаттар бойынша жалпы 2 885 адам бақылауға алынды.

Айта кету керек, барлық ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Facebook-тегі парақшасынан оқып, кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық – 1406 нөміріне хабарласуға болады.