Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен кадр бөлімінің басшысы 13 млн теңге жымқырған
Олар заңсыз аударылған бюджет қаражатын жеке мақсаттарына пайдаланған
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық ауруханасының кадр бөлімінің басшысы 13 млн ақша жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Аудандық аурухананың кадр бөлімінің басшысы жұмыс істемейтін адамдарға жалған құжат жасап, 13 миллион теңге ұрлаған. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды.
«Прокурорлар бас дәрігер кадрлар бөлімінің басшысымен бірге 2020-2021 жылдар аралығында кадрлық және қаржылық құжаттарды қолдан жасағанын анықтады. Олар ресми түрде жаңадан құрылған инфекциялық стационарға жеті адамды жұмысқа орналастырған. Ал кейіннен заңсыз аударылған бюджет қаражатын жеке мақсаттарына пайдаланған», – деп нақтылады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айыпталушының кәмелетке толмаған балалары болғандықтан,сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылды. Ал бас дәрігерге қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.