06.07.2023, 15:29
Қоғам
Павлодар облысында екі бала суға кетті
6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен
Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.
«Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды», деді департамент өкілдері.
Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.
Көп оқылған
31.08.2026, 13:20
Әткеншекке таласып, бір-бірін ұрып жыққан: Астанада екі әйелді полиция ұстады (ВИДЕО)
31.08.2026, 12:56
«Президенттің атынан өкілдік етіп, ұстанымын жеткізе алады»: Ерлан Қариннің негізгі міндеті белгілі болды
31.08.2026, 10:51
Тоқаев вице-президент лауазымына Ерлан Қаринді ұсынды
31.08.2026, 18:27
Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті