Елде 93 адам вирус жұқтырған
Түркияда коронавирустың жаңа түрінен (Covid-19) екінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды Елорда Инфо «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз тағы бір пациентімізден айрылып қалдық. Ол – 61 жастағы ер адам. Қазір инфекция жұқтырғандар саны 191 адамға жетті», - деп жазады Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Оның айтуынша соңғы бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған 93 адам анықталыпты.