Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Нақты қай ауданға қатысты екені айтылған жоқ

фото: Батыржан Беспаев

Ақмола облысының аудан әкімінің орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы және басқа да фактілер жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген «Ағымдағы аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы» онлайн-брифингте айтылды.

«Ол орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны мен жалпы қамқорлығы үшін 600 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Алдын ала тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды», - делінген ақпаратта.