Украина Қазақстан компанияларына санкция салған ба? - СІМ жауабы
Жуырда Украина бірнеше мемлекеттің 291 кәсіпорнына ұзақ мерзімге санкция салған болатын

Украина салған санкцияларға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты, деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жуықта ведомство бұл компанияларға қатысты түсініктеме берді: олар немен айналысатыны, келісімшарттарға қай кезде қол қойылғаны анықталды. Сыртқы істер министрлігі арқылы біз қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырамыз», - деді Смадияров.
Еске сала кетейік, өткен аптада Украина бірнеше мемлекеттің 291 кәсіпорнына, оның ішінде екі қазақстандық компанияға қарсы 5-10 жыл мерзімге санкция салғаны белгілі болды.
Тізімде «ИТС-Астана» ЖШС мен «Тыныс» АҚ бар. Бұл компанияларға қарсы санкциялар бес жыл мерзімге енгізілді.