Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті

Azattyq Rýhy

Ал сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 4-6 теңгеге көтерілді

Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме сауда бағасы өсті
Фото: www.gov.kz

Қазақстанда сұйытылған газға жаңа шекті көтерме сауда бағасы күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрінің бұйрығымен өндіруші зауыттардан сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы тоннасына 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін (ҚҚС-ты қоспағанда) көтерілді.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес, энергетика министрлігі жыл сайын 1 шілдеден бастап өндіруші зауыттар үшін сұйытылған мұнай газының көтерме сауда бағасын белгілейді.

Бүгінде зауытқа байланысты сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 42 000-72 000 теңгені құрайды. Ал белгіленген шекті көтерме сауда бағасы тоннасына – 33 600 теңге (ҚҚС есептемегенде).

Былтыр Қазақстанда сұйытылған мұнай газының өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 400 000 тоннаға немесе 10%-ке төмендеген. Осыған ұқсас кезеңде елімізде сұйытылған газды тұтыну 400 000 тоннаға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ке өсті).

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.