02.07.2023, 00:21
Қоғам
Францияда тәртіпсіздікке қатысқан 1100-ден аса адам қамауға алынды
Францияда сейсенбі күні басталған жастардың бойкөтеруі әлі де тыйылған жоқ
Фото: ria.ru
Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1100-ден аса адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Олардың көбісі 13 пен 14 жасар бозбалалар. 79 полицей жарақат алып, 234 ғимаратқа өрт салынған немесе зақым келген.
Жаппай тәртіпсіздік бірнеше ірі қалада болып жатыр. Арасында Париж, Марсель, Лион, Тулуза, Страсбург және Лилль бар. Еске салып кетсек, бүлік Нантере қаласында тәртіп сақшылары 17 жастағы жасөпірімді атып тастағаннан кейін басталды.
Полиция жол ережесін бұзғаны үшін жігіт тізгіндеген автокөлікті тоқтатпақ болған. Ал ол бұйрыққа бағынбай, тәртіп сақшыларын қағып тастамақ болғаннан кейін, қару қолданған көрінеді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды