$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әрі кетсе Алакөлге барамын»: Ринат Зайытов демалысында шетелге бармайтынын айтты

Ол ішкі туризмге қатысты пікірін де білдірді

«Әрі кетсе Алакөлге барамын»: Ринат Зайытов демалысында шетелге бармайтынын айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов демалысын қалай өткізетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Демалыста Абай облысына баруды сұранып алдым. Демалыста шетелге демалуға бармаймын. Мен әрі кетсе Алакөлге барамын. Аягөз бен Семейдің жолын көру үшін ертең жолға шығамын. Абай облысында нақты бір ай боламын. Қалған уақытта өзге де жұмыстарым бар. Осында отбасымды көшіріп алайын. Қазақстаннан шықпаймын ғой. Бұрын баратынмын шетелге. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Бір әулеттің шетелге барып келуі үшін кемінде 2-3 млн теңге ақша керек. Бұрын табыстың ауқымы үлкен кезде баруға мүмкіндік болды. Қазір бір жағынан Қазақстанның туризмі жақсы деңгейде дамып келеді. Екіншіден, жаңағы айтқандай, ондай мүмкіндік жоқ. Оны қарастырып, іздеп жатқан жоқпын. Шетелге бару мен үшін қатты қажет дүние емес», - деді Зайытов.

Ол Қазақстанның ішінде демалу арзанға түспейді деген сауалға жауап берді.

«Бәлкім, солай көрінетін шығар. Бірақ менің сәл «плюсім» бар ғой ақын деген. Мұқағали Мақатаев  айтпақшы, «қазақтың қай үйіне барсам да, алдымнан ақ дастархан жайған кілем» демекші, қазақтың қай үйіне барсам да, кеңдікпен қарсы алып, бір табақ ет жейтіндей мүмкіндік бар. Бірінші кезекте депутат деп емес, ақын деп қарсы алады», - деді ол.

Ринат Зайытов Қазақстанның туризмі жайлы өз ойын айтты.

«Әр өңірде туризм әртүрлі дамыған. Мен өзім баратын Алакөлді, Ақтауды, Бурабайдағы туризм жақсы деңгейде дамыған деп ойлаймын. Әрине, біз Балқаштың, Бұқтырманың, Сібенің бес көлі барлығы солай дамыса екен дейміз. Түркістан облысында шетелдік туризм жақсы дамып жатыр», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары