Қаладағы автобустар саны 856-дан 676-ға қысқарады
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов хабарлады. Оның айтуынша, бүгін жолаушылар қозғалысы 40%-ға төмендеген.
«Ертеңнен бастап қаладағы автобустар саны 856-дан 676-ға қысқарады. Қалалық, экспресс, қала сыртына жүретін барлық автобустар сағат 21:00-ге дейін ғана жүреді. Күн сайын автобустар ішінде дезинфекция жасалады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі 00:00- ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантиндік режимге көшеді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан