$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 20:09
Қоғам

COVID-19 жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлер үйлеріне қайтпайды

Науқастармен 467 елордалық байланыста болған

COVID-19 жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлер үйлеріне қайтпайды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған елордалықтарды емдейтін дәрігерлердің қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

«Инфекция жұқтырып стационарда жатқандарды емдеп жүрген 60-тан астам дәрігер мен медбикелер ол жерден шықпайды. Оларға ғимараттың бір бөлімшесінде жағдай жасалған. Жұмыс уақытында сол жерде тамақтанып, демалып, келесі кезекке жұмысқа шығады», - деді дәрігер.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтанда 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бәрі стационарда жатыр.

«Олардың 14-інің жасы 14 пен 59 аралығында. Екі адамның жасы 50-59 жас арасында. 1-еуі 18-29 жас аралығында. Ал бір бала 14 жаста. Бәрінің температуралары қалыпты шамада. Шағымдары жоқ. Науқастар дәрігерлердің қатаң бақылауында», - деді Сәуле Қисықова.

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 467 елордалық анықталған, соның 428-і табылған. Олардың 93-і ауруханаға жатқызылып, 267-і үй карартиніне жабылды. 38 адам іздестіріліп жатыр. 1 адам шетелге кетіп қалған.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары