25.06.2023, 14:58
Қоғам
Әулиекөлдегі өртенген орманның орнына отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын
Фото: kstnews.kz
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында былтыр өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар қурап жатыр. Оның себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Костанайские новости сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызылған болатын. Орманшылар олардың кебуінің себебі неде екенін айта алмады.
«Қазір «Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына» хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде іске асады», – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы