23.06.2023, 21:51
Қоғам
Қонаев қаласында елге заңсыз кірген африкалық мигранттар анықталды
Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция африкалық заңсыз мигранттарды «Мигрант» жедел алдын алу шарасы кезінде анықтаған.
«21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде ғимаратты жөндеп жүрген африкалық азаматтар анықталды. Олардың тоғызы Нигерия, екеуі Камерун елдерінен келген», - деп мәлім етті полициядан.
Заңсыз мигранттардың құжаттарын тексергенде Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған.
Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады