$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 09:36
Қоғам

Елімізде өзгенің интим-суретін іздеймін деп хакердің құрығына түсіп қалатындар көбейген

Алаяқтықтың тың тәсілі өте қарапайым

Елімізде өзгенің интим-суретін іздеймін деп хакердің құрығына түсіп қалатындар көбейген

Елімізде әлеуметтік желі қолданушылары көбейген сайын алаяқтар нейрожелі арқылы арбаудың жаңа тәсіліне көшкен. Олар азаматтарды алдап, ақшасын алу үшін чат-боттарды пайдаланады. Яғни, ондай әрекет СhatGPT нейрожелісі арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 31-арнаға сілтеме жасап.

Алаяқтықтың тың тәсілі өте қарапайым. Онда желі қолданушысын кез келген адамның интимді суреттерін тауып береді деген сілтемеге өткізеді. Егер қолданушы сілтеме арқылы чат-ботқа өтсе, қай адамның интимді суреттері керек екені сұралады. Осыдан соң бот авторы сұраған суреттердің табылғанын және оған қол жеткізу үшін ақша төлеу керектігін хабарлайды. Ал желі қолданушысы ақшаны төлеген сәттен алаяқтың арбауына түсті деуге болады. Өйткені оның сұраған суретін де көрсетпейді, ақшасын да қайтармайды.

Мұндай сілтемелер әсіресе әлеуметтік желідегі пікірлер арасынан жиі кездеседі. Сондықтан мамандар интернет алаяқтарынан сақтану үшін күмәнді сілтемелерге өтпеу керек дейді.

Олардң айтуынша, азаматтар интернеттегі кез келген ұсынысқа күмәнмен қараған дұрыс. Сондай-ақ сенімді болмаған жағдайда, қолданушылар өзі туралы ақпараттарды сұраныс білдірген сайттарға бермеу керек.

«Бұл – интернет-алаяқтықтың жаңа түрі. Осы чат-боттың сипаттамасын қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам пайдаланады. Және сервистік қорында 10 миллионнан астам фотосурет пен видеолар бар. Бот авторлары осылайша сүйген ғашықтарды тексеруді ұсынады», - деді Касперский зертханасының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі маманы Қайыржан Әбдірахманов.

Серіктес жаңалықтары