Ел аумағында дауыл тұрып, жел күшейеді

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер ертеңгі ауа райына болжам жасады

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhу Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.

«Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.

Ал температура аясында күрт өзгерістер болжанбады.