Ақсу ферроқорытпа зауытындағы ірі өрт сөндірілді

Azattyq Rýhy

Жалын тараған жалпы аумақ 200 шаршы метрді құрады

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы ірі өрт сөндірілді
Фото: adyrna.kz

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері зауыттағы ірі өртті жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатордағы өрт 21 маусым күні, сағат 16.00-де шыққан болатын. Жоғары температура әсерінен ғимараттың төбесі опырылып, өрт сөндіруші зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.

«Жалын тараған жалпы аумақ 200 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында ТЖД-нң 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің батылдығы мен күш-жігерінің арқасында тілсіз жау 20:52-де оқшауланып, 22:40-та толығымен жойылды», делінген мәліметте.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.