22.06.2023, 00:56
Қоғам
Ел аумағында дауыл тұрып, жел күшейеді
Синоптиктер ертеңгі ауа райына болжам жасады
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhу Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.
«Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.
Ал температура аясында күрт өзгерістер болжанбады.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды