Париж орталығында жарылыстан 16 адам зардап шекті
Алдын ала болжам бойынша, газ жарылысы болған
Париж қаласының орталығында қуатты жарылыс болып, кем дегенде 16 адам зардап шекті. Тағы 7 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Оқиға Люксембург бағына және Франция америка академиясы ғимаратындағы Пантеонға жақын жерде болды.
Алдын ала болжам бойынша, газ жарылысы болған. Салдарынан бүлінген ғимараттың алдыңғы қаптамасы жолға құлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.
«5-інші орамдағы Сен-Жак көшесінде жарылыс болды. Париждің өрт сөндірушілері, полицейлер мен шұғыл қызметтер сол жерде. Ең алдымен, зардап шеккендер мен олардың жақындары туралы уайымдап жатырмыз», - деді Париж мэрі Анн Идальго.
Оқиға орнына 200-ден астам өрт сөндіруші, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго жетті.