Әлихан Смайылов ресми сапармен Әзербайжанға барды
Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-Министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байел күтіп алды.
Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-Министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.