$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2023, 21:42
Қоғам

Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға үш операция жасалады

Ал зардап шеккен екінші баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ

Қарағандыда дауылдан зардап шеккен балаға үш операция жасалады

Қарағандыда қатты жел кезінде ойын алаңында зардап шеккен балаға бірнеше ота жасалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының бас нейрохирургия Ғабит Махамбаевтың айтуынша, баланың ауруханаға келгендегі жағдайы өте ауыр болған.

«Бала ес-түсін толық білген жоқ. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Бірнеше травма алған. Баланың бет сүйегі мен қолы сынған. Қазіргі күні бала есін біледі. Демалу қабілеті жақсы. Бүгін ота жасауға дайындап жатырмыз», - дейді облыстың бас нейрохирургы Ғабит Махамбаев.

Балаға толық диагностика жасалады, енді бірнеше ота қажет.

«Сынған маңдай сүйегін орнына қоямыз, бет сүйектері сынған, оған да ота жасалады. Төменгі жақ сүйегін орнына қойып, жоғарғы бет сүйегін бекітеді. Оң қолының сынған сүйегін де қалпына келтіреді. Біраз уақыт емделеді, бірақ баланың болашақтағы денсаулығы менің ойымша жақсы болады», - дейді Ғабит Махамбаев.

Ал зардап шеккен екінші баланың жағдайы жақсы, өміріне қауіп жоқ.

Серіктес жаңалықтары