$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2023, 22:12
Қоғам

Оралда ер азамат ғаламтор арқылы танысқан бикешті бірінші кездесуде тонап кетті

28 жастағы азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды

Оралда ер азамат ғаламтор арқылы танысқан бикешті бірінші кездесуде тонап кетті
Фото: inbusiness.kz

Оралда 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі арнайы сайт арқылы танысқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам танысына қарақшылық шабуыл жасаған. Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында болды.

«Анықталғандай 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген. Бикештің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді. Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары