Астана маңындағы өрт басына Төтенше жағдай министрінің өзі келді
Елорда маңындағы өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда
19 маусым сағат 18.30-дағы жағдай бойынша Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумаққа таралған елорда маңындағы өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өзі келген.
«Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникалары жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт сөндіру штабы құрылғаны да нақтыланады. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп төніп тұрған жоқ.
Төтеншеліктер қала тұрғындарынан қырағылық танытып, келесі сақтық шараларын сақтауды сұрайды:
- ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз;
- егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс;
- түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз.