$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.06.2023, 06:30
Қоғам

Банкке шабуыл: Қылмыскерге қатысты іс қозғалды

Астана қаласы Прокуратурасы елордада кепілге алынған адамдарға қатысты ақпарат таратты

Банкке шабуыл:  Қылмыскерге қатысты іс қозғалды
Фото: almaty.tv

Астанада банк ғимаратында қызметкерлерді кепілдікке алған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласы Прокуратурасы елордада кепілге алынған адамдарға қатысты ақпарат таратты.

«18 маусымда «Kaspi bank» АҚ астаналық бөлімшесінде 7 кепілге алынған адам босатылды. 14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 ж.т. Жамбыл облысының тумасы А. Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан «Kaspi bank» АҚ бөлімшесін басып алған. Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, Бас прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер келді. Жапсарлас тұрған барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды. Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер зиянсыздандырылып, тергеу изоляторына қамалды. Операция барысында бірде бір кепілге алынған адам зардап шеккен жоқ. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары