Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 «алтын» жеңіп алды

Azattyq Rýhy

Аталған сайыста ел спортшылары 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль иеленді

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 «алтын» жеңіп алды
Фото: kaz.zakon.kz

Елордада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Аталған сайыста ел спортшылары 21 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Әлем чемпионатының алтынын иеленгендер арасында Медет Қожбанов, Ердаулет Жеңіс, Ілияс Мұхамадиев, Мәди Райхан, Дәулет Темірханов, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов және Қайрат Мұқанбековтер бар.

Ал күміс жүлдені Серік Әбіров, Андрей Тирешин, Арай Мусина, Сая Әуелбекова, Аманбек Жаманқараев, Әлихан Сеитов, Айдын Үмбетов сынды жекпе-жек шеберлері жеңіп алды.

Сонымен қатар, Әмина Шәйменова, Шынар Кенжебаева, Әсел Жұмақаева, Шынар Баймурзина, Алексей Беликов, Сергей Бредихин мен Ардақ Мадимұхаметовтер үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте 7 алтын, 7 күміс және 15 қола медальмен Ресей Федерациясың командасы екінші орынға тұрақтады. Жүлде саны бойынша Өзбекстан құрамасы үздік үштікті қорытындылады. Ал ел спортшылары 7 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.