$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2023, 16:51
Қоғам

Жамбыл облысында жергілікті билік жеке балабақшаларға тиесілі 1,5 млрд теңгені үнемдеп қалған

Салдарынан облыстағы 230 мектепке дейінгі мекемеге 4 ай бойы қаржы аз бөлінген

Жамбыл облысында жергілікті билік жеке балабақшаларға тиесілі 1,5 млрд теңгені үнемдеп қалған
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жергілікті билік жеке балабақшаларға тиесілі 1,5 миллиард теңгені үнемдеп қалған. Айлық есептік көрсеткіш көлемі өссе де, білім басқармасы жан басына қаржыландыру көлемін бұрынғы тарифпен қалдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Салдарынан облыстағы 230 мектепке дейінгі мекемеге 4 ай бойы қаржы аз бөлінген. Яғни қалада 45 мың теңге төленуі тиіс болса, оның орнына 41 мың теңге есептелген. Ал ауыл балабақшасына берілуі тиіс 50 мың теңгенің орнына 45 мың теңге төленген. Балабақша иелері кәсіпкерлер палатасы мен әкімдікке шағымданған. Нәтиже болмаған соң прокуратураға жүгінеді. Қадағалау органының араласуымен мәселе шешімін тапты. Қаржы құжаттары қайта қаралып, ақша жыл соңына дейін төленетін болды. Айта кетерлігі қосымша қаржының есебінен балабақшалардағы 2 мыңнан аса қызметкердің жалақысы өсті. 

 «Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 500 миллион теңгесі төленді. Жыл соңына дейін 1 миллиард теңге әлі төленеді. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін білім басқармасының қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде басқарма басшысының орынбасары да тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді  Тараз қаласы прокурорының орынбасары Дастан Асқар.

 «Мамыр айынан бастап бізге қайта есептеу жасады. Сол ақшаның арқасында біз осы көтере алмай отырған айлықты біздің мұғалімдерге, тәрбиешінің көмекшісіне, басқа да қызметкерлердің барлығына біз айлықтарын көтеріп, соның өзіне риза болып қалды қызметкерлер шыны керек. Кішкентай болса да, сол мөлшердің өзі біз үшін маңызды болды», - дейді «Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы» ЗТБ Жамбыл филиалының төрағасы Эльнұр Құрманәлиева.

Серіктес жаңалықтары