Ішкі істер министрі полицияның халықтың сеніміне қалай ие болатынын айтты
Марат Ахметжанов полиция жұмысының 40 пайызы қағазбастылыққа кетіп жатқанын айтты
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Түркістан облысының халқымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазір кемшіліктер бар. Жоқ деп айтуға болмайды. «Көш жүре түзеледі» дейді. Қазір ауқымды өзгерістер жасап жатырмыз. Оның ішінде цифрландыру, қағазбастылықтан арылу бойынша жұмыстар бар. Біз өз ішімізден талдау жасадық. Неге полицияның саны көп дейміз? Полицияның 40 пайыздық жұмысы қағазға бейімделген екен. Адамның проблемасы емес, басшыға қағазбен есеп беруге бағытталған. Кеңес уақытынан келе жатқан кітапшалар бар екен. Біз бүгін цифрлық полиция деп отырмыз», - деді ол.
Министр 40 пайыздық қағаз жұмыстары жойылғанын айтты.
«Оған кететін уақытты халықпен кездесіп, жұмыс істеп, болатын қылмыстың алдын алуға жұмсайды. Сенімге қалай ие боламыз? Қылмысты дер кезінде ашып, жауапкершілікке тарту арқылы ризашалыққа ие боламыз. Ең бастысы осындай қылмысты болдырмауға тырысу керек. «Полиция менің - қорғаным» деп алғысын айтады», - деді Ахметжанов.