$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2023, 16:01
Қоғам

Семейде әскери лицейде болған жағдайға қатысты тың мәлімет шықты

Оларға қатысты тәртіптік жаза қолданылған

Семейде әскери лицейде болған жағдайға қатысты тың мәлімет шықты

Әлеуметтік желіде Семейдегі дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас-Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ тәрбиеленушілері мен офицер арасындағы болған жағдай тарап кеткен. Осыған қатысты облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«3 ақпанда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында 111-взвод ұланына 91-взвод ұланы соққы берген бейнежазба табылды. Сондай-ақ, офицер 71-взвод ұланын белбеуімен ұрған бейнежазба табылды. Жоғарыда аталған фактілер 2022 жылдың қазан айында болды», - деп хабарлады Абай облысының білім басқармасы.

Қызметтік тергеу барысында бұл фактілер расталды және кінәлі адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

 « 111-взводтың тәрбиеленушісі 2023 жылдың 6 ақпанында оқудан шығарылды, офицер 2023 жылдың 8 ақпанында қызметінен босатылды.Ұландар арасындағы қарым-қатынас, жанжалды жағдайлар мен педагогтердің іс-әрекеттері Семей қаласының "Жас Ұлан" лицейі мен Абай облысы білім басқармасының басшылығының тұрақты бақылауында», - деп хабарлады басқарма.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #төбелес