Антикор Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша тергеу бастамақшы

Автор: Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының «Дипломат» қонақүйі туралы мәлімдесіне қатысты түсінік берді

Фото: Ашық дереккөзден

Антикор БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кейбір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен мәлімдемелер тарауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сөзінше, «Дипломат» қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик жария болған.

«Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», деп хабарлады Антикор.