Заңның күші бірқатар заңға жүрмейді
«AMANAT» партиясының алаңында депутаттар мен АҚДМ өкілі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин заң жобасын қабылдау бойынша мемлекеттік органдардың әсері туралы айтты.
«Заң жобасының қолданылу аясы Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелмеген бөлігінде қоғамдық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Осы заңның күші «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», «Прокуратура туралы», «Конституциялық Сот туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына қолданылмайды. Қазақстан Республикасының заңдарында: «ҚР арнаулы мемлекеттік органдары туралы», «ҚР Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»», - деді Жаңбыршин.
Сондай-ақ депутат қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, азаматтық іс жүргізу, Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу заңнамасы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Сыртқы барлау, қарсы барлау қызметі, жедел-іздестіру қызметі, Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметі және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамасы бар екенін айтты.
«Бұдан басқа ұлттық әл-ауқат қорындағы және ұлттық компаниялардағы ҚБ Мемлекеттік әлеуметтік және ғылыми-инновациялық жобаларға, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын ұлттық жобаларға, сондай-ақ қор қайырымдылық көмек көрсеткен кезде жүзеге асырылады», - деді ол.