Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус бойынша Қазақстандағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. 16 наурыз күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр.
«ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 626 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 689, 1 «б» санаты бойынша – 586, 2-ші санат бойынша – 351 адам бар. Мониторингке алынған 2 мың 626 адамның 503-іне бақылау тоқтатылды. 16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 123 адамға мониторинг жүргізуде», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 39 адам, 2-ші санат бойынша – 43 адам, 3-ші санат бойынша - 47 адам. Ауруханада жатқан 129 адамның 65-і үйлеріне шықты. Стационарда 73 науқас қалды, оның ішінде 64 пациенттің дене қызуы көтерілген, ЖРВИ белгілері бар, ал 9 КВИ жұқтырған науқастар.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай:
Әлемде 158 елде 169 374 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде:
- ҚХР-да 80 884 (тәулігіне - 20 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 199 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 911 адам жазылған (82,7%). Стационарларда 10 734 науқас қалды;
- әлемнің басқа елдерінде – 88 514 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,0% құрады), оның ішінде – 3 302 өліммен аяқталған, өлім көрсеткіші-3,7 %.
1 «а» санаты бойынша:
- Италияда - 24 747 оқиға (тәулігіне - 3590 жағ. өсім – 16,9%), қайтыс болғандар – 1 809 (тәулігіне – 368, өсімі – 25,5%);
- Иранда – 13 938 оқиға (тәулік ішінде - 1209 жағ. өсім – 9,5%), қайтыс болғандар - 724 (тәулігіне - 113, өсім - 18,5%);
- Оңтүстік Кореяда – 8 162 оқиға (тәулігіне - 76 жағ. өсімі – 0,9% - ға), қайтыс болғандар саны – 75 (тәулігіне – 3, өсімі – 4,1%).
1 «б» санаты бойынша:
- Францияда - 5 423 оқиға (тәулігіне – 954 жағ. өсім-21,3%), қайтыс болғандар - 127 (тәулік ішінде - 36, өсім – 39,51%);
- Испанияда - 7 845 оқиға (тәулік ішінде – 1 454 жағ.өсім - 22,7%), қайтыс болғандар – 292 (тәулік ішінде - 97, өсім - 49,7%);
- Германия – 5 813 оқиға (тәулік ішінде – 1214 жағ. өсім – 26,4%), қайтыс болғандар саны – 11 (тәулігіне – 2, өсім 22,2%).
2-ші санат бойынша:
- Швейцарияда – 2 217 оқиға (тәулігіне – 842 жағ. өсім -61,2%), қайтыс болғандар - 14 (тәулік ішінде - 1, өсім – 7,6%);
- Нидерландта – 1 135 оқиға (тәулік ішінде – 176 жағ.өсім - 18,3%), қайтыс болғандар – 20 (тәулік ішінде - 8, өсім - 66,6%);
- Ұлыбританияда – 1 391 оқиға (тәулік ішінде – 251 жағ. өсім – 22,0%), қайтыс болғандар саны – 35 (тәулігіне – 14, өсім 66,6%).