ҚР СІМ: Пхукетте комаға түскен қазақстандық туристің жағдайы ауыр

Azattyq Rýhy

Ол теңізге шомылып шыққаннан кейін есінен танып, комаға түскен

ҚР СІМ: Пхукетте комаға түскен қазақстандық туристің жағдайы ауыр
Фото: pattayapeople.ru

Қазақстандық туристке қатысты оқыс жағдай туралы бір күн бұрын белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін ведомства ер адамның қазір жағдайы ауыр, комада жатқанын хабарлады.

Жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан ол теңізге түсіп, көп су жұтып қойды. Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған.

Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алуда.

«Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет. Ол тай дәрігерлерінің медициналық шешімі негізінде жасалады. Қазіргі таңда консул бұл мәселемен айналысып жатыр. Құтқарылған жігіттің ата-анасы  Пхукетке ұшып келіп, дипломаттармен бірге дәрігерлермен келіссөздер жүргіп жатыр», делінген хабарламада.

Таиландта демалып жатқан ҚР азаматтарын жергілікті билік органдарының ережелері мен талаптарын сақтауға шақырамыз және метеорологиялық шектеулер кезінде теңізге түспеуді ескертеміз. Өкінішке қарай, бұл соңғы аптада Таиландта отандастарымызбен орын алған екінші оқиға.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.