Доллар бағасы 410 мен 450 теңге аралығында болып отыр
Бүгін таңертең ғана kurs.kz сайтындағы ақпаратта доллардың 411 теңге болғаны, артынша 420 теңгеге көтерілгені хабарланған еді. Ал дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 450 теңгеден сатыла бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сайт дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласында долларды тек төрт айырбастау орнынан ғана сатып алуға болады. Доллар бағасы 410 мен 450 теңге аралығында болып отыр. Шетел валютасын 424 теңгеге сатуға болады.
Алматыда мұндай доллар тапшылығы болмағанымен, бір доллардың құны 440 теңгеге көтерілген. Есесіне, алматылықтар долларды 435 теңгеден сата алады.
Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкенттің бірде-бір ақша айырбастау орнында доллар жоқ. Ал оны 418 теңгеден сатуға болады.