«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасының маңыздылығы қандай

Автор: Аягөз Құрмаш

Жұмыс тобы заңды талқылау барысында 28 отырыс өткізді

Фото ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қоғамдық бақылау» жөніндегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының маңыздылығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары ұсынған заң жобалары мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың ашықтық дәрежесін кеңейтіп, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасының ең басты мақсаты - Конституцияға сәйкес азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуына жағдай жасау.