$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2023, 21:54
Қоғам

Ақтауда газ тапшылығы басталды

Жүргізушілер жанармай құю үшін ұзын сонар кезекте тұруға мәжбүр

Ақтауда газ тапшылығы басталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтаудың көлік жүргізушілері сұйытылған газ тапшылығына тап болды. Олар жанармай құю үшін ұзын сонар кезекте тұруға мәжбүр. Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газ тапшылығын басқа өңірлерден машиналардың күрт көп келуімен байланыстырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Ақтаудағы бірнеше автогаз құю станцияларында екі күннен бері мәселе туындап тұр. Кезек күтіп шаршадық. Газ тапшылығы тағы басталды. Мәселе уақытша шешілген ба сонда түсінбей тұрмыз?» - дейді көлік  жүргізушілер.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Маңғыстауда сұйытылған мұнай газымен проблемалар жоқ екенін мәлімдеді. Бүгін ведомство көгілдір отын тапшылығын мойындап, бұл басқа өңірлерден келетін автомобильдердің келуіне байланысты екенін мәлімдеді.

«Маңғыстау облысының сұйытылған мұнай газына сұраныс 17 мың тоннаны құрайды. «Қазақ газ өңдеу зауыты»  ЖШС-нен 16 225 тонна, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен 775 тонна жеткізіледі. 30 мамырдағы жағдай бойынша газ құю станцияларында газ қоры - 838 тоннаны құрайды. Өңірде 93 АГҚС жұмыс істейді. 30-31 мамыр аралығында облыс үшін ҚазГӨЗ-ден 647,795 тонна көлемінде жөнелту жоспарлануда. Қалыптасқан жағдай жазғы маусым қарсаңында басқа өңірлерден көліктердің үлкен ағынынан туындады және осыған байланысты сұйытылған мұнай газын тұтынудың жалпы көлемі ұлғайды. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері.

Серіктес жаңалықтары