30.05.2023, 20:21
Қоғам
Алматыда арбаға таңылған зейнеткерді құлдықта ұстап, қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге қатысты іс қозғалды
Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады
Фото ашық дереккөзден
Алматы полициясы мүгедек арбасында отырған зейнеткерді қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін желіде әлдебіреулер 66 жастағы алматылық кемтар әйелді құлдықта ұстап, күні бойы жол бойында қайыр сұрауға мәжбүр еткені жайлы ақпарат тараған болатын. Арбаға таңылған зейнеткерді жайма базарда еріктілер байқап қалған.
Алматы қаласы ПД аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 126-бабы бойынша тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Жетісу аудандық ПБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды